Жасөспірімдерге қорлау, ұсақ ұрлық жасағаны, дене жарақатын салғаны үшін жауапкершілік, білім беру мекемесіндегі мінез-құлық нормалары мен ережелері, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға есепке қою себептері мен ерекшеліктері түсіндірілді.
Сондай-ақ, кездесу барысында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы саласындағы қылмыстардың мәселелері, әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, "онлайн" бейтаныс адамдармен қарым-қатынас қаупі, әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдармен шынайы өмірде кездесуге жол бермеу мәселелері қозғалды.
Оқушылар көшеде, қоғамдық орындарда, тәуліктің кешкі уақытында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен, сондай-ақ, егер оларға қатысты бейтаныс ересектер тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілсе, қауіпті жағдайда әрекет ету алгоритмімен танысты.