«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық мектеп басшыларымен өткен әдістеме бірлестігінің семинары.

02.03.2018

«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан

қажыр-қайрат пен ерікжігерді талап ететін білімсіз  өмір тұл». «Терең білім 

тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой  азаттығымыздың алдаспаны».

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін

енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.

Бүгінгі күні ақпанның 15 жұлдызында Ақмола облысы, Зеренді ауданының, Приречный орта мектебінде ауқымы кең  «Аудандық мектеп басшыларымен өткен әдістеме бірлестігінің семинары» өткен болатын. Бұл семинардың басты мақсаты: Мектеп басшыларының кәсіби қызметін жүзеге асыруға қолдау жасау; Психологиялық кеңістік жайлылығын құру; Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша кері байланыс орнату;.  Ауданымыздың әр жерінен 30 мектеп басшылары келіп қатысты. Сонымен қатар ауданымыздың әдістеме кабинетінің әдіскері

Маршалко Татьяна Николаевна келген болатын. Барлық семинар қатысушыларын мәжіліс залына жинап, мектебімізді презентациямен таныстырдық.  Семинар қатысушыларына жайлы атмосфера қалыптастыру мақсатында оқушыларымыз шағын концерттік бағдарламарын көрсетіледі. Мектебіміздің мұғалімдер қауымы да жылы лебіздерін ән-шашумен жолдады. Келесі кезекте мектеп директоры Жетписова Мариям Сұрағанқызы мен аудан әдіскері Маршалко Татьяна Николаевна жылы тілектерін білдірді. Мектебіміздің жалпы көрінісі мен тарихи-өлкетану мұражайына  виртуалды саяхат жасадық.  Келесі кезекте мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары  «Туған жер-алтын бесігің»  атты жобаларын ұсынды.

Өз кезегінде Азат негізгі мектебінің басшысы Ермуханов Руслан Серикович «Критериалды бағалау, бағалаудың түрлері» тақырыбына баяндама  оқыды. Жалпы бағалаудың барлық түрлерін айтып өтті. Сұрақтар қойылып, талқылау жүргізілді.

Мектебіміздің аға ұстазы  Яскульская Казимировна  мектеп  басшыларымен " Жаңартылған білім беру

мазмұнына оқу пәндері бойынша оқытудың ерекшеліктері " атты коучинг өткізді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көп мәліметтер алынды.

Ал Бұлақ негізгі мектебінің директоры Капарова А.А.  «Мектеп мәдениеті дегеніміз не?» тақырыбында коучинг өткізді. Мектеп мәдениеті жайында мол дүние айтылды.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасында нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдарды айтып кеткен болатын. Сол мақсатпен біз мектебіміздің әдістемелік кабинетінен «Рухани жаңғыруға» арналған шағын бұрыш ұйымдасытрған болатынбыз. Мектебіміздің ұстаздарының бастауымен кіші бағдарламалар жобалары қорғалды. Мектеп оқушылары кіші бағдарламаларды қорғады. Атап айтсақ, «Зеренді ауданының қасиетті жерлері» атты жоба қорғады. Өте қызықты әрі өте пайдалы жоба болып шықты. Ауданымыздың қаншалықты қасиетті жерлері бар екенін білдік. Ал «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша оқушылар модульді сурет және буклет ұсынды. Ал «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша ауыл-аймағымыздың тазадығын сақтау туралы сөз қозғалды. Өздерінің ерен еңбектері мен қажырлы жұмыстары үшін ауылымыздың «5 танымал есімі» атты жоба

қорғалды. Ауылымызға еңбектері сіңген адамдарды таныстырдық.

Семинардың қорытындысы дөңгелек үстел аясында «ашық микрофон» арқылы өтті.

Аудан әдіскері Маршалко Т.Н ең бірінші болып сөз сөйлеп, семинар үшін алғысын білдірді.

  Қорытындылай келе,  бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ.

Данышпан Абай атамыз: «Мал да, дәулет те – оқу­да», - деп, ел болашағы – жастардың келешегін біліммен байланыстырған. Дүниенің кілті білімде екендігін кезінде Алаш жұртының қамы үшін күн күлмей, түн ұйықтамай қызмет еткен Ахмет, Мағжан, Шәкәрім тәрізді ұлт зиялы­ла­ры да туындыларының өзекті мәселелері ретінде көрсеткен. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды армандаған Сұлтанмахмұт қазақ жастарының рухани жан дүниесіне серпін беруге ұмтылған.

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бізде осы жолдан таймай, ақырын жүріп, анық бассақ үлкен белестерді бағындырамыз деген ойдамын.

 КММ «Приречный ОМ» директоры

Жетписова Мариям Сұрағанқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст