Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарын және кәсіптік өсу мектебі жобасын іске асыру шеңберінде 11.04.2024 жылы ата-аналармен отырыс өткізілді. Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері. Мақсаты: ата-аналардың қоршаған ортада жағымды қарым-қатынас орнатуда балаға қолдау көрсету қабілетін қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1) оң қарым-қатынасты сақтауға және баланың қоршаған ортасындағы жағымсыз қатынастарға қарсы тұруға деген ұмтылысты дамыту;
2) ата-аналардың жасөспірімдер ортасындағы қарым-қатынас үлгілері туралы түсініктерін кеңейту (достық, жасөспірімдер субмәдениеттері шеңберіндегі мінез-құлық, қорқыту және т. б.);
3) баланы қолдау дағдыларын игеруге, құрдастарымен оң қарым-қатынастарды дамытуға және теріс қарым-қатынастарды жеңуге жәрдемдесу.
Жұмыс форматы: тренинг элементтерімен сабақ.
Әдістері: пікірталас, миға шабуыл.
Отырыста ата-аналармен сыйластық, эмпатия, қабылдау сияқты құндылықтар туралы айтылды.