Текст
Зеренді аудандық полиция бөлімінің инспекторы Е. Мұхтарұлы "кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылық"тақырыбында дәріс өткізді. Приреченка ауылдық дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Н. В. Шараевская мектеп оқушыларымен "жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі, ерте жүктіліктің алдын алу"тақырыбында әңгіме өткізді. Оқушылармен профилактикалық әңгімелесу барысында ерте жүктіліктің барлық жағымсыз әсерлері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, Н. В. Шараевская жыныстық жолмен берілетін аурулар бойынша түсініктеме берді.
Мектеп психологы В.С. Мухутдинова осы оқушылармен психологиялық жеңілдету, жағымды көңіл-күйді сақтау мақсатында тренинг өткізді.