Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгімелесуді Зеренді ауданы ОМПС УПИ учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Мұхтарұлы Елдар өткізді.
Әңгімелесу тақырыптары: заңдылықты сақтау, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, отбасындағы мінез-құлық, қоғамдық орындардағы және бұқаралық іс-шаралардағы мінез-құлық ережелері, көшедегі мінез-құлық ережелері, темекі шегудің, алкогольді ішудің, электрондық темекіні пайдаланудың алдын алу және кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені үшін жауапкершілігі.
Мұхтарұлы Елдар заңдар туралы айтып қана қоймай, жасалған құқық бұзушылықтар үшін қандай салдарлар туындайтыны туралы мысалдар келтірді. Оқушылар үшін әңгіме тек танымдық қана емес, сонымен қатар өте пайдалы болды.
Жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтардың алдын алу және сақтық шаралары туралы әңгімеден кейін балалар сұрақтар қойды.
Мектеп оқушылары ақпаратқа байыпты қарады, әлем керемет түстерге толы деп сенді: бұл оқу, спортпен шұғылдану, конкурстарға, акцияларға қатысу және тағы басқалар, бұл қойылған мақсаттарға жетудің жартысы.