Текст
Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Оған жыл сайын билік өкілдері, кәсіпкерлер, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады. Жыл сайын акцияға қатысушылардың көбейіп келе жатқаны қуантады.
Акция аясында «Жақсылық АГРО» ЖШС директоры Жақсылықов Амангелді Дулатұлы демеушілік көмек көрсетті.
1-сынып оқушылары сыйлық ретінде рецепттер жинағын алды.
Осынау игілікті іске қолдау көрсетіп, үлес қосқан демеушілерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз.