«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сәуірден бастап білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына арналған 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.

03.04.2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 сәуірден бастап білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына арналған 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
Білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Яғни, білім алушылардың дайындық деңгейі мен даму дәрежесі бойынша сыныптарды жинақтауға жол берілмейді. 
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады eGov.kz 
2023-2024 оқу жылына алдын ала деректер бойынша бірінші сыныптарға қабылдау жоспарлануда

  

 

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст