Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдарарасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілдіқасиеттерге негізделеді. Мейірімділікадамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” деп Шәкірім атамыз бекер айтпаған. Осы «Мейірімділік» тақырыбына байланысты Приречный орта мектебінде өзің-өзі тану апталығы өтті. Бір апта ішінде мектеп оқушыларымен көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, бастауыш сынып оқушыларымен
«Мейірімділік» тақырыбы бойынша сурет жарысы, «Менің жақсы істерім» атты қабырға газеті, 2 «А», 3 «А», 4 «А» сыныптарымен «Мейірімділік асыл қасиет», «Дос болайық бәріміз» атты сыныптан тыс іс-шаралар өткіздік. Осы шаралар барысында оқушылар топпен жұмыс жасады, мейірімділік туралы жағдаяттар шешілді, бейнероликтер көрсетілді, мейірімділік гүлдерін жасады, балалар өздерінің жасаған мейірімділіктерімен бөлісті. Мектеп оқушылары белсене қатысып, өз мейірімділіктерін көрсетті. Сара Алпысқызы ұрпақтарына деген Сара Назарбаева айтқан ғибаратты тілегінде былай айтылған:Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен
еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердіңөнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін» деп айтқан. Мен де барша адамдарға жүректеріңіз мейірімге толы болсын деген тілек тілеймін.
Приречный орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі: Қанатбек Мадина