«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірлігіміз жарасқан елміз!!!

08.05.2017

«Бірлік болмай  тірлік   болмас» деген    атам   қазақ. Берекені  көздеген ел

мерекелі   тірлік   жасаудан    жалықпаған.  Бүгін    Қазақстан   халқы 1 мамыр  ынтымақ пен бірлік   күнін  

тойлап  жатыр. «Береке бастауы   бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын   ұстанған ел үшін   бұл   мейрамның  орны   ерекше. Жыл  сайын  атаулы   мерекеде   Қазақстан   аумағында   тұрып   жатқан 130-дан астам  ұлт   пен ұлыс   

өкілдері   киелі  қара   шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта  өмір   сүріп  жатқандығын  тойлайды. Еліміздегі   этностарды   бұрынғыдан да жақындастыру   үшін    бүкіл  Қазақстанда     жаппай   патриоттық  шерулер   өтеді. Бүгінде  «Достық» атты  бір    шаңырақ   астына  

шоғырланған әрбір  ұлттық-мәдени   орталықтар   мерекеде    ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық  мейрамда   дәстүр мен салтқа толы түрлі  көріністер  көрсетіледі.  Біздің Приречный орта мектебінде атаулы мереке жылда

өтуде. Мектеп салт-дәстүріне айналған бұл мереке тәрбиелі әрі оқу озаттарын Жас

Ұлан ұйымына қабылдау легімен өтеді. Мектеп директорының бастауымен мектебіміздің ардагер ұстаздары оқушыларымызға  галстук пен төс белгілерді тағып, құттықтау жеткізеді. Мектеп директоры Жетписова Мариям Сұрағанқызы барша қауымды  атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізеді. Ұйымға қабылдаудан кейін 3 «А», 4 «А», 5  сынып оқушылары өлең-шумақтарын айтып, әр ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, барша көрермендерге көрсетті. Әсем әндер шырқалып, қазамыздың Қара жорға биін 3 «А» мен 4 «А» сыныбының ұлдары биледі. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр  құтты    болсын!

 

Приречный орта мектебінің

  Қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі Қасен Ә.Н

 

Просмотров: 1504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст