«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәңгілік тағзым етеміз...

12.05.2017

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да  биыл 72  жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.  Бүгінгі тамаша күнге жеткізген  азаматтар- етігімен су кешіп, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан  асыл әкелер мен әз ағаларымыздың, абзал ағаларымыз бен есіл ерлеріміздің батырлығына тағзым ете отыра , біздің мектебімізде  бүгінгі күні үлкен тәрбиелік мағынасы зор іс-шара аталып өтуде.

Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. Осы күнге орай Приречный орта мектебінде 9 мамыр күні таң сәріден соғыс жылдары әнұранға айналған әндер шырқалып, салтанатты жиынға еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жинала бастады.Бүгінгі өткен жиынға 4 «Б» мен 6 сынып оқушылары жауап берді. Мерекелік концертіміздің шымылдығын 4 «Б» мен 6 сынып оқушылары ашты.  Ең алдымен оқушылар өлең-шумақтарын оқып, ән шырқады. Мерекелік жиынды Приречный  ауылдық аймағының әкімі Мейрамов Абзал Сағатұлы құттықтау сөзбен бастап , соғыс , тыл ардагерлеріне өз игі тілектерін жеткізді.  Мектеп директоры Жетписова Мариям Сұрағанқызы мектеп ұжымы атынан сөз сөйлеп, осы бейбіт күнге жеткізген ардагерлерімізге тағзым етіп, үлкен алғысын білдірді.Сөз кезегінен кейін оқушыларымыз соғыс кезіндегі тамаша көріністерін көрсетіп барша көрермендерді

таңғалдырды. Жиын соңын мұғалімдердің орындауында әнмен және биші қыздарамыз «Смуглянка» биімен аяқтады. Жалпы мерекелік концерт жоғары деңгейде сапалы әрі керемет өтті деп айта аламын. Оқушыларымыздың өнерлері өрге жетсін. Сөзімнің соңында барша Қазақстандықтарды Ұлы жеңістің күнімен құттықтаймын. Тарихымызда қалған

бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

Просмотров: 527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст