«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқыра, жас маман.

05.06.2017

Мектебіміздің дәстүріне айналған «Жас маман апталығы » биыл да өзінің кезегінде үлкен орын алып,  12-18 мамыр  аралығындаөтті.

Мақсаты: «Оқытусапасынкөтеружәнежасмаманныңкәсібидеңгейгеөсуі».

 Мектепте 9 жас маман бар.  Атап айтсақ,  Мендібаев Асхат Жансерікұлы мен Хавсемет Сұраған денешынықтыру пәндерінің мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері Қанатбек Мадина мен Лоперева Анастасия Викторовна, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бегенова Айгерім Мырзабайқызы,ағылшын пәнінің мұғалімі Айдарханова Мадина Қанатқызы, мектебіміздің психологі Мухутдинова Валентина Сергеевна, шағын бала бақша орталығының тәрбиешісі Аманжолова Камилла Саяхатқызы және қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Қасен Әсем Нұрланқызы.  Олардың барлығы ашық сабақтар өткізді. Биыл былтырғы жылдарға қарағанда «Жас маман апталығы» ерекше өтті. Себебі жас мұғалімдер сыныптан іс-шаралар өткізіп, оқушылардың әр пәнге деген қызығушылықтарын

арттырды. Бастауыш сынып мұғалімі Қанатбек Мадина «Мейірімділік» жайлы тәрбие сағатын өткізсе, орыс тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бегенова Айгерім Мырзабайқызы «Мамандықтар әлемі» тақырыбында сынып сағат өткізді. Сабақтары өте әсерлі және есте қаларлықтай өтті. Сабақта барынша көрнекілік  құралдары  қолданылды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Хавсемет Сұраған мен Мендібаев Асхат Жансерікұлы  орта буын сыныптары арасында  «Большие гонки» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар белсенділік танытып, барлығы дерлік қатысты. Өз кезегінде ағылшын пәнінің мұғалімі Айдарханова Мадина Қанатқызы  5-6 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс шарада 6 сынып бірінші орынды иеленсе, 5 сынып екінші орынға ие болды. Бастауыш сынып мұғалімі Лоперева Анастасия Викторовна

өзінің нөлінші сынып бүлдіршіндерімен «Ертегілер әлеміне» саяхат жасады. Бүлдіршіндер өздерінің ертегі деген қызығушылығын көрсетіп, белсенділік танытты. Ал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қасен Әсем

Нұрланқызы орта буын 5-8 сынып  оқушыларымен «21 ғасыр көшбасшысы» интелектуалды ойынын өткізді.

Интелектуалды ойын 2 кезеңнен тұрды. Ойын соңында «21 ғасыр көшбасшысы» 6 сынып оқушысы Балтабаев Диас атанды. Мектебіміздің психологі  Мухутдинова Валентина Сергеевна 6 сыныптармен тренинг сабағын өткізді.

Балалар тренинг барысында өздерін еркін сезінді. Тренинг оқушыларға да мұғалімдерге ұнады. Балалардың тілектері осындай тренингтердің көптеп болуы деп бір ауыздан айтты.«Бәйге » аттыинтелектуалды ойын бастауыш сыныптармен де өткізілді. Оны бастауыш сынып мұғалімі Қанатбек Мадина өткізді. Оқушылар 2

топқа бөлініп, әр кезеңнің тапсырмаларын орындады. Өте қызықты өтті. Оқушылар әр түрлі бағытта тапсырмалар орындады. Аптаның соңында үш тұғырлы тілді насихаттау мақсатында үш

тілде «Жалғыз білімпаз-2017», «Единственный умник -2017», «The only nerd-2017» атты ауқымы кең кеш өтті. Кештің жауапты мұғалімдері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қасен Әсем Нұрланқызы, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бегенова Айгерім Мырзабайқызы мен ағылшын пәнінің мұғалімі Айдарханова Мадина

Қанатқызы.  Бұл кештің басты мақсаты – тілімізге деген құрмет көрсету, тілімізді ұмытпау және өзге тілдерді де

құрметтеп оларды білу. 5-9 сыныптар аралығында өтті. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты. Тапсырмалар үш тілде берілді. Әділ-қазылар алқасы 11 сынып оқушылары болды. Жалпы кеш әсерлі өтті. Оқушыларға қатты ұнады. Кеш соңында жеңімпаз 9 сынып оқушысы Бокк Валерия анықталды. Апталық соңында біз жас мамандар ерен еңбектеріміз үшін марапаттау қағаздарына ие болдық. Апта өз деңгейінде өтті. Сабақтың барлық кезеңі сақталды.

Сабақта әртүрлі әдістер мен түрлерін қолданады. Жұмыстың жүйесіқадағаланады. Сабақтардапәнмұғалімдері, тәлімгерлері қатысты. Барлықсабақтарбағаланып, тәлім мен нұсқауларберілді.Сөзімнің соңында әріптестеріме өзімде жас маман болғандықтан осы бір өлеңді арнағым келіп отыр:

Арман, мақсат, тілегі бір жастар едік,

Еңбек жолын бәріміз бір бастап едік.

Жастық жалын жігерімен шабыттанған,

Жаңа келген жас маман.

Шебер ұстаз болу да бар ойымызда,

Жастық оты лапылдаған бойымызда.

Арманымыз бірге, орындалсын күнде,

Бәрімізде бірдей мақсат, бір мүдде.

Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз,

 Келешекте ісін жалғап біз барамыз.

 Жас бүлдіршін, балғын бала, шәкірттердің

 Ой санасын ашамыз.

Просмотров: 671


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст