1 маусым 2017 жылы КММ «Приречный орта мектебінде» балаларды қорғау күніне орай ауқымды мереке
өтті.
Тақырыбы:«Балалады қорғау күні – бақытты балалықм шақ мерекесі».
Мақсаты: мерекелік, қуанышты атмосфера қалыптастыру. Мерекеде белсене қатысуға бағыттау.
Міндеттері:
Оқушыларды музыкалық-ойын, эмоционалдық ықыластылыққа ынталандыру.
Оқушылардың арасында мейірбандылық қарым-қатынасты өзара дамыту.
Балалар жаздың бас кезін асыға күтуде. Себебі бұл тек ауа райының жылынуы немесе керемет демалуға мүмкіндік ғана емес, бұл нағыз мереке. Өйткені көптен күткен демалыстар да
келіп жетті. Алайда барлық бүлдіршіндердің өмірлері соншалықты қуанышты емес. Мыңдаған сәби жазылмайтын аурулардан зардап шегеді немесе үйдегі зорлық-зомбылық, қалыпты тамақтану және өмір сүру
жағдайлары жоқ, ал кейбіреулері тіпті өз бетінше аман қалудың амалдарын өздері іздейді. Осы және тағы басқа балалық шақтың өткір де ауыр сұрақтары әлемдік ауқымдағы мәселелерге айналды. Сондықтан да осы «Балаларды қорғау күні» ерекше мереке сол үшін де аталып өтуде. Біздің мереке үлкен абыроймен атқарылды десек те болады. Әрбір баланың балалық шаққа, бақытқа, еркіндікке толық құқығы бар. Ал ол балалық шақтың қалай өтуі тек ересектерге байланысты. Балаларды қорғау күнінде балалардың шынайы махаббатты, өзінің керектігін сезгенін қалар едік. Балалардың ешқандай қиыншылықтармен, зорлық-зомбылықпен, ерте есеюмен соқтықтапағанын қалаймыз. Барлық аулулар, қиыншылытар, үрей тек сырт айналып кетсін. Мен сіздерге тек бақыт пен бейбітшілік тілеймін! Әрқашан
күніміз жарқырап, әрқашан тек бейбітшілік болсын,әрқашан балаларымыз күлімсіреп жүрсін!