Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы
тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп қушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі
сабақтан, үйреншікті тіршілік әрекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қатынасты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізілді: викториналар, іс-шаралар, сайыстар, спорттық эстафеталар жне т.б.
Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші - ұстаздың басты міндеті.