«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22 – қыркүйек Тілдер мересіне орай өткен онкүндіктің есебі

18.09.2017

11-18 қыркүйек аралығында Приречный орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай онкүндік өтті. Онкүндік  барысында әр-түрлі сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар, консурстар өтті. Атап айтсақ 11 қыркүйек орыс тілінің мұғалімі Яскульская Татьяна Казимировна «Конкурс знатоков русского языка» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Оған 5-10 сыныптар қатысты. Іс-шара кезінде оқушылар түрлі тапсырмалар жасады.

Жұмбақтар шешті, грамматикалық тапсырлар істеді және орыс тілінде өлеңдер оқыды.  Бұл іс-шарада достық жеңді.

12 қыркүйек қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қасен Әсем Нұрланқызы қазақ тілінен «Тіл ұлттың жаны» атты мерекелік іс-шара өткізді. 5-10 сыныптар аралығында өтті. Оқушылар белсенділік танытып, 3 тілде жұмбақтар шешті, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты, қызықты ұйқастарды құрастырып, сұрақтарға жауап берді.

13-қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сураухан Гүлжан бастауыш сыныптар арасында «Ана тілің – арың бұл» атты сабақ өткізді. Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр-түрлі тапсырмалар орындады. Бір-бірлеріне қазақ тілінде тілектер жолдап, қарым-қатынас аясын кеңейтті. Оқушыларға өте қызықты болды.

Ал бастауыш сынып мұғалімі Тлеубаева Асылжан Габдолловна 1 сынып оқушыларымен «Тіл халықтың жаны» атты сабағын өткізді. Оқушылар өздеріне өте қызықты мәліметтер алды, мемлекеттік рәміздермен танысып, сұрақтар мен мақал-мәтелдерге жауап берді. Яскульская Татьяна Казимировна «Керемет аудармашы» атты сабақ өткізді. Оқушылар мәтіндерді 3 тілде аударды. Бастауыш сынып мұғалімі Қанатбек Мадина 3,4 «А» сыныптарымен сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар өлеңдер оқып, 3 тілде заттардың атын айтты, түрлі грамматикалық тапсырмалар орындады. Іс – шара өте жақсы өтті.

14 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Баирлина Гульмира Шеркеновна 3 «Б» сыныбымен «Орыс тілінде қонақта» атты интелектуалды ойынын өткізді. Көптеген тапсырмалар орындалып, әр оқушы өз белсенділіктері мен білімдерін көрсетті. Ал Круч Татьяна Ивановна 4 «Б» сыныбымен «Тілдерге саяхаттау» 

жүргізді. Әр халықтың тілі жөнінде мәліметтер айтты. Түрлі тапсырмалар арқылы көптеген білімдері жинақталды. Әр тапсырмадан кейін саяхат юолды. Ағылшын пәнінің мұғалімі де өз сабағын өткізді. Оқушылар тапсырмалар орындап, ағылшын тілін меңгеруге көп мүмкіншілік алды.

15 қыркүйек күні барлық сыыныптарда «22 қыркүйек Тілдер мерекесі» атты сынып сағаттар өтті. Сынып жетекшілер ана тілі жөнінде оқушыларды хабардар етіп, тіл туралы бейне баяндар көрсетті. Тілдің қасиетін, құдіреттілігін танытты.

18 қыркүйек қорытынды мерекеге орай тіл мамандары  орта буын оқушылары мен бастауыш сынып мұғалімдері өлең оқу конкурсын өткізді. Өлең оқу қазіргі талапқа сай өтті деуге болады. Себебі оқушылар 3 тілде өлеңдерін оқыды. Әділ-қазылар алқасы мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары  Рамазанова Айгүл  Серікбаевна және тарих пәнінің мұғалімі Стока Наталья Владимировна болды. Мереке соңында оқушыларға құттықтау сөз жолдап, орын иеленген оқушыларды марапаттады. Онкүндік соңында оқушылар белсенділіктері үшін марапаттау қағаздарымен марапатталды.

Просмотров: 775


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст