Эссе
Туған жер Қазақстаным!
Отан десен оралады ойыма
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ халқым бар.
Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.
Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамдар Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс-күймейсің»-деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды пида етсен елге деген сүйіспеншіліктің белгісі депесептеймін. «Отан-оттан да ыстық» деген дана халқымыз адам баласының жүрегінде, ең бірінші ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші туған жерге, Отанға деген ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Бұрынғы бабаларымыз айтқандай «Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады» леп бекер айтпаған. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп ойлаймын. Мен өз елімді,
жерімді, Отаным Қазақстанымды жақсы көремін.
Зейнолда Гауһар, 4 «А» сынып оқушысы
Менің туып өскен жерім Егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Сол жерде біздің ата-бабамыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ деп ойлаймын. Өз Отанын сүю өз ана тілінді ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Өз елі үшін
жанында, барында аямаған. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. Менің кіңдік қаным тамған жер Көкшетау қаласы, Зеренді ауданында балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзені жанға дауа, дертке дауа деп ойлаймын. Әр адамның жүрегіне ұя салған от сезімі, лүпілдеген әр жүректе соғып тұрған шоқ сезімі. Қазақстаным, туған жерім, елім менің, Отаным сенде жүріп сезінемін бақыт нұрын.
Эрболат Аружан , 3 «А» сынып оқушысы