2017-2018 оқу тәрбие барысында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді.
Алға қойған мақсат:
Мектеп дейінгі жастағы балалардың шығармашылық белсенділігін және танымдылық іс- әрекетін дамыту.
Негізгі міндеттер:
1. балалардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу .
2. Балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысындағы бір-біріне деген қарым-қатынасын арттыру.
3. Балалардың танымдылық қабілеін дамыту және шығармашылыққа баулу.
Оқу тәрбие жұмыстарының түрлері:
Тақырыптық сабақ, ертеңгіліктер, ата-аналар комитетінің отырысы,ата-аналар жиналысы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде Мысалы: Тіл дамытудан және жазудан дыбыстарды ажырата біледі үйрету.
Дауысты және дауысыз дыбыстарды айыра біледі үйрету. ҚМҰҚ – да 1-ден 10-ға дейін санау, оны тура және кері санауды үйренді. Түрлі ойындар ұйымдастырылып отырды. «Көршісін тап», «Жоғалған сан» т,б ойындар ойнатылады. санауды білді. Қосу, азайту, үлкен, кіші, тең таңбаларды ажырата білуге баулу.
Жапсыруда түрлі қағаздан, матадан, мақтадан, жіптен т.б заттардан бейнелер жасап жапсыру үйренді. Мүсіндеуден ермексаздан және қамырдан мүсіндер мүсіндеп үйренді. Басқада ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалар жақысы қатысып білімдерін көрсете білді. Бос уақыттарда ертегілер, ойындар ұйымдасытырылып отырды. Осындай ойындарды ойнату барысында балалардың басқа балалармен қатар отырып ,бірлесіп ойнауға,бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнатып,ойыншықтармен қысқа сюжеттер құру, ойынға қажет заттарды таңдауға деген қабілеттері арта түсті. Сондықтанда ойын- баланың негізгі іс-әрекеті. «Ересек адамға жұмыс істеу,еңбек ету қанша қажет болса, балалғада ойын сонша қажет»- екен. Әр бала өзінің жас ерекшелігіне қарай қимылын, жасау еңбегін, орындай білуін түсіндім. Ертеңгіліктер: «Өрт қауіпсіздігі», «Абайла бағдаршам» ,«Алтын күз» «Тәуелсіздік күні» ,«Жаңа жыл мерекесі», ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Балаларға өртің қандай қауіп қатері барын түсіндіріп , сіреңкемен ойнамау туралы мәләметтер айтылды. Абайла бағдаршам туралы ерегі туралы қойлым арқылыбалаларға түсінік берілді. «Алтын күз» ертеңгілігінде ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасалып бірге ұйымдастырылды. әртүрлі ойындар ойнатылды. Тәуелсіздік күніне көрмеге букет гүл жасадық қағаздан өз қолымызбен балалармен бірлесіп .Менің Отаным тақырыбы бойынша балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.
Жаңа жыл ертеңгілігінде балалармен бірлесіп ата-аналар клоун, мыстан кемпір,түлкі, аяз ата, ақша қар, сыған рөлдерін ойнап балаларды мәз мейрам қылды.Балалар би билеп, ән шырқап, ойындар ойнады
Ертеңгіліктерге ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп отырды. Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен және балалардың бос уақытында әртүрлі ойындар ұйымдастырылды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңа бағдарламаларды оқу тәрбие жұмысы барысында меңгерту.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағдарламасы 3-4жас аралығындағы балаларға білім беру. 2017-2018 оқу жылында осы бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңде жағдайлы іскерліктері дамыған қарым-қатынастары жақсы және белсенді түрде дамыған. 3-4 жастағы балалар өз құрдастарының мінез-құлықтарын біледі. Балалар достарымен тығыз қарым-қатынаста жүреді. Өз құрдастарымен бірге ойнап
араласа біледі. Бірлесіп ойнау негізінде балалар қоғамы пайда болады. Сонымен қатар бала құрдастары арасындағы өзінің орнын сезіне бастайды.
Инабатты, тәртіпті, сыпайы, сәлемдесу және қоштасу, досын есімімен атау, адамның қызметі мен рөлі бойынша қатынас жасау сияқты қарым-қатынас жасау дағдылары дамыған. Балалар жас шамасына қарай үлкенді сыйлауды, кішіге қамқар болуды, құстарға көмек жасауды, табиғатты сүйе білуді, ұйымдастырылған іс-әрекеттерге жақсы қатысып құлшына біледі.
Қорытынды нәтижесі:
Мини центр«Бөбек» «Жұлдыз»тобында жылдың басында 20 бала тізімге енгізілген. Оның 11ер бала,9 қыз бала. Жылдың басынан 3 бала келмеді. Аманжолова Даяна, Горбунов Максим, Батарбек Таншолпан. 16-17 бала келіп жүрді.Қарша айынан бастап 2 бала қалаға көшіп кетті. Олар Жақсылыкова Сабина, Жаксылык Расул..
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»
бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді.Осы топта әр ұлттың балалары тәрбиеленуде.Балалармен екі тілде карым –қатынас жасаймыз. Қазақша сөйлесіп, өлең, тақпақ айтып үйренуде. Топтағы балалар жыл басынан қарағанда балалардың сөздік қорылары молайған, өзара қарым-қатынастары жақсарып ұжым болып жұмыс жасауға
дағдыланды.