«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.

10.02.2023

Қазақ    ертегілерінің тәрбиелік мәні.

     Ертегілер өте ерте  заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Қазақ халық ертегілері  ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады.   Қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп,  ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму,  өсу,  толығу үстінде келе жатқан асыл мұра  Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті,  оның дүниеге келуі сонау ерте заманда болса да,  бүгінгі  біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән-мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүние танымын тұрмысы мен салтын,  әдеп -ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ауыз әдебиетінің  басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты  туған.  Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жеттік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі  ертегілердің туындауына  көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер  туа бастайды және онда халықтың  тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі кейіпкерлер  арқылы бейнелейді. 

             Ал  сол дәуірдің көлеңкелі тұстарын, жағымсыз қылықтарын бір жағымсыз кейіпкердің басына жинақтап, адамдарды озбырлықтан, қатыгездіктен, тас жүректіктен, опасыздықтан, сатқындықтан, тойымсыздықтан, қайырымсыздықтан, айлакер асқан залымдықтан жиркендіріп отырған, бұған жалмауыз кемпір сияқты толып жатқан мысалдарды алуға болады.  Ертегі  балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.   Әлемде ертегісі жоқ ел жоқ. Бірақ әр елдің, әр халықтың сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы. Әрі ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Өкінішке орай қазіргі кезде радио,телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген  көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі.Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес  және біздің менталитетімізге  жат оқиғалар  баяндалады.  Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі  әлдеқайда тиімді.   Халық ертегілері ойдан құрастырылған деп ойлайтындар қатты қателеседі, қатпары мол, тарихы ұзақ , өмір іздері күн өткен сайын күңгірттеп, өшіп ең аяғы дерексіз болып қала беретіні де өмір шындығы. Алайда  сол дәуір де,  жасаған дана, шешен, көреген көсем, ел қорғаған батырлардың да болғаны шындық.  Біздің дана халқымыз өз дәуірінің дара тұлғаларын аңыз етіп айтып, ұрпақтан ұрпаққа жалғап қалдырып келген. халық ертегілерін қай қырынан қарасақта адам затқа берер тәрбиелік құны өте жоғары. Біздің дана халқымыз өз дәуірінің жағымды- жағымсыз тұлғаларын әдеби  тілмен айтқан да образ беріп өнегелілерін қол жетпес қиял шыңына көтеріп суреттеу арқылы адамдарды содан өнеге алуға, жақсылыққа ұмтылуға, сол кейіпкердей ер жүрек, қайсар батыр болуға, шашасына шаң жұқпас жүйрік, ақылы асқар, ойы түпсіз терең,   тілі өткір, көзі қыран бір ауыз сөзбен айтқанда оның өмір де баламасы жоқ адам етіп көрсетіп, өзің ді жақсылыққа жетелейді бұған Ертөстікті мысал етуге болады.  Жалпы алған да халық ертегілері біздің  ата-бабамыздың не қилы зұлымат дәуір ді басынан өткергенінің шынайы көрінісі, тарихтың бізге жеткен өмір айнасы деп айтуымызға әбден болады!   Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде  өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына  сенеміз. Қазақ халық ертегілері  тұнып    тұрған даналық. Ертегілер өмір барысында  тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Қазақ ертегілері мейірімділікке,  адалдыққа,  әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан,  өтіріктен,  зұлымдықтан аулақ  болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.

Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сураухан Г.

 

 

Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст