«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Приречное отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің сүйікті ойыншығым»

19.12.2019

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін дамыту. Жаңа әнді меңгеру, әнді тыңдап түсіну, әуен мен қимылды бір - бірімен үйлестіруге тәрбиелеу. Ән мәтініне назар аудара білулерін және таза да түсінікті етіп айтуларын қалыптастыру. Ойыншықтар түрлерін бір - бірінен ажырата білулерін дамыту
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды саппен жүргізу, жарты шеңбер бойына тұрғызу.

Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту:
- Балалар, қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік:
- Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым.
Бәрекелді, балалар!

Көңілді қимыл - қозғалыс.
Балалар құлыншақ қимылын музыкамен жасайды
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық

Жарайсыңдар, балалар, көңілімізді көтеріп алдық. Бәріңе де сәттілік тілеймін.
- Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
- Сендердің үйде қандай сүйікті ойыншықтарың бар?
- Ендеше ойыншықтар еліне қонаққа барғыларың келе ме?
- Ойыншықтар еліне барар жолымыз ұзақ, жаяу барсақ шаршап қалармыз, бәріміз поезд болып әндетіп барайық.
- Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы - ол поездың.
Қатар – қатар тұрайық,
Поезды біз құрайық.
Ал, паравоз бас алға,
Бәрімізді басқарда.
Пш - пш - пш - пш біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
(топты бір айналады
 

Жетекші:
- Балалар, біз ойыншықтар еліне де келіп жеттік.
Кенеттен сиқыршы пайда болады, қолында сиқырлы таяқшасы бар.
Балалар сиқыршыны көргенде таңғалады
Сиқыршы:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, қайдан келе жатырсыңдар?
- Сиқыршы, біздің балалар ойыншықтар еліне қонаққа келе жатыр, сіз бізге ойыншықтар еліне тезірек жетуге көмектесесіз бе?
- Әрине, көмектесемін, менің сиқырлы таяғым сендердің барлық тілектеріңді орындайды, сендер менің қояр сұрақтарыма дұрыс жауап берсеңдер болды. Сиқыршы ілінген ойыншықтардың аттарын сұрайды.
- Мынау қандай ойыншық?
- Бұның аты не?
Сиқыршы:
- Өте жақсы балалар, дұрыс жауап бердіңдер, ендеше ойыншықтар еліне қош келдіңдер
Жаңа ән. И. Нүсіпбаев «Ойыншықтар»
Балаларға әнді орындап көрсету, түсіндіру. Ән екпіні орташа екпінде екенін айту. Әнді аспап сүйемелдеуімен айтуға, музыка екпініне ілесе білуге үйрету. Ән мәтінін таза, түсінікті етіп айтуларын қадағалау.
Балалар жаңа әнмен танысады. Жетекшіге ілесе үйренеді. Әнді музыка аспабының сүйемелдеуімен айтады.
Жетекші:
- Балалар, сендерге ойыншықтар елі ұнады ма?
- Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап шешіп көріңдерші.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір - ақ асады.
Бұл не?

Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп)

Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)

Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (доп)


Жетекші:
- Балалар біздің тобымызға қайтатын уақытымыз да таяп қалған сияқты, сиқыршыдан рұқсат алып тобымызға қайтайық.
Сиқыршы:
- Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, келісесіңдер ме?
Жетекші:
- Ендеше, балалар, бәріміз «Бұл қандай ойыншық?» деген ойын ойнайық.

Ойын: «Бұл қандай ойыншық?»
Шарты: Ортаға бір баланы шығарып көзін байлау. Ортаға шыққан бала үстел үстінде тұрған ойыншықты сипау арқылы оның қандай ойыншық екенін табады және оны музыкаға ілесе қимылын көрсетеді.

Сиқыршы:
«Балалар сендер сегіз қырлы, бір сырлы екенсіңдер, сендермен қимастықпен қоштасамын, ойыншықтар әлеміне қонаққа келіп тұрыңдар», - деп сиқырлы қоштасып кетіп қалады.
Жетекші:
- Балалар біздің қайтар жолымыз өте ұзақ, сондықтан паровоз болып әндетіп қайтайық.
Балалар сиқыршымен қоштасады, әндетіп топқа қайтады.
Мадақтау. Пысықтап, бекіту.
- Балалар сендер қайда бардыңдар?
- Ойыншықтар елі сендерге ұнады ма?
- Ойыншықтар елінде сендерді кім қарсы алды, тағы нелерді кездестірдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгінгі оқу іс - әрекетке өте жақсы қатыстыңдар
Қорытынды
Балалар сендерге көп - көп рахмет, ендеше қонақтармен қоштаса қояйықшы.
Балаларды саппен жүргізу.
Балалар саппен музыка әуенімен жүріп, залдан шығып кетеді.

 


 

 

Просмотров: 858


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст