Текст
2022 жылғы 6 мамырда "Приречное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ – де ҚР ҚК құрылуының 30 жылдығын және Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу қарсаңында бірыңғай ерлік сабақтары өтті.
Іс - шараның негізгі мақсаттары: жастарды өз Отанына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, өткен ерліктер үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Отаны Қазақстан Республикасын қорғауға дайындықты қалыптастыру. Аталған іс-шарада оқушылар патриоттық роликтерді, тарихи ақпараттан тұратын презентацияларды көрді, сондай-ақ Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне арналған тақырыптық өлеңдерді оқыды. Іс-шара барысында оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап алды. Осылайша, іс-шара жастардың азаматтық ұстанымын арттыруға ықпал етті.