Текст
1948 жылы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конституциясы күшіне енді. Бұл күн ұйымның «Туған күні» болып саналады және жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні ретінде аталып өтеді.
Денсаулық – толық физикалық және психикалық салауаттылық жағдайы.
«Біздің планетамыз, біздің денсаулығымыз». Бұл ұран адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау үшін шұғыл әрекет етуді және «әл-ауқат қоғамдарын» құруға белсенді түрде көшуді талап етеді.