ZOOM-ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРМЕН ЖИНАЛЫС.
Өздеріңіз білетіндей, Pfizer-ден Comirnaty вакцинасымен жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді коронавирус вакцинациясы басталды.
Осыған байланысты Зеренді аудандық емханасы zoom - конференциялар арқылы ата-аналар қауымы үшін үлкен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады.
Аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Сахова Жанар Оразбайқызы 9 ақпанда мектебіміздің ата-аналарымен байланысқа шығып, ата-аналардың барлық сұрақтарына ашық диалог форматында жауап берді.
Вакцинация 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге жүргізіледі, ол ерікті, ата-аналардың жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
"Пфайзер" (АҚШ) компаниясы шығарған "Комирнати" вакцинасының Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуі бар.
Кепілдендірілген сапалы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар үшін вакциналар сатып алынады, оларды өндіру ДДҰ-ға жүктелген, Яғни елде олар барлық қажетті талаптарға жауап береді