Бұл жыл сайынғы іс-шара ұлтаралық келісім идеясын ілгерілету, тілдік әртүрлілікті құрметтеу және ана тілдерін сақтау мақсатында өткізіледі.
Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар атынан құттықтау сөздер айтылды. Балалар шағын қойылымдар ұсынды: олар әртүрлі тілдерде өлеңдер оқыды, Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың мәдениетіне құрмет көрсетті.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің маңыздылығына, сондай-ақ орыс және басқа тілдердің халықтар достығын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Ассамблея апта бойы өткізілетін іс-шаралардың бай бағдарламасының символдық бастамасы болды: байқаулар, викториналар, тақырыптық сынып сағаттары, көрмелер және еліміздің тілдік және мәдени байлығына арналған шығармашылық жобалар.