Текст
Мектепте жасөспірімдермен кездесіп, жоспарлы профилактикалық әңгімелер жүргізу – аудандық ішкі істер бөлімі мен мектеп инспекторларының бірлескен жұмысының құрамдас бөлігі.
7-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Руслан Мұратбекұлы өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, денсаулыққа зиян келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі таратушыларға, оның ішінде «сақтаушылардың» қылмыстық жауапкершілігіне тоқталды.