Текст
Бүгін бастауыш сыныптарда оқушылардың жол ережелері туралы білімдерін тереңдету мақсатында «Жол қателіктерді кешірмейді» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп оқушыларының көшелерде және жолдарда қозғалу кезіндегі жол қауіпсіздігі туралы идеясын қалыптастыру.
Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында көшеде, жолда оқушылардың негізгі мінез-құлық ережелерін орындау дағдыларына тәрбиелеу.
Сынып сағаттары ақпараттық әңгіме түрінде құрылды. Жол ережесін білу бойынша блиц-сауалнама жүргіздік, жұмбақтар сұрадық.
Мұғалімдердің міндеті - оқушылардың қауіпті жағдайларды алдын-ала білу дағдыларын, олардан аулақ болу, кез-келген жол жағдайын дұрыс бағдарлай білу және бағалау қабілеттерін дамыту.