Мектеп және отбасының тиімді қарым-қатынас жолдары.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде мектеп пен отбасының өзара тығыз қарым – қатынасын жоғарылату, ата –аналар мен ұстаздардың үнемі байланыста болуы, бала тәрбиесінде ерекше маңызды екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
Ата – ана және ұстаз!
Ұрпақ тәрбиесі – қоғам болашағы. Оған аса зор жауапкершілікпен қарау – әр саналы азаматтың борышы. «Ел болам десең – бесігіңді түзе», - деген ел данасы М.Әуезов. Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Көпшілігі тұрмыс тауқіметімен жүрген ата – аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі төмендеп кететіні сөзсіз. Ал, мектептегі бала тәрбиесіне тікелей жауап беретін ұстаздың атқарар ісі шексіз.
Бала тәрбиесі өте күрделі құбылыс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, тізгінді үнемі қадағалаумен ұғынылады. Ойлап қарасақ, тәрбие баланың бойына балалық шағынан бастап есейгенге дейін төрт – бес түрлі жолмен беріледі екен. Атап айтсақ, отбасылық, балабақша, қоршаған орта (көрші,жолдас т.б.), мектеп (оқу орны), жұмыс орны. Біз осының 1 және 4 түріне тоқталамыз.
«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» деген С.Смайлс. халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді. Ата – ана көбіне ақыл айту әдісіне бой алдырады. Солай бола тұра отбасында бала бойына мынандай тәрбие түрлерін сіңіріп өседі.
1.Тұрмыстық.2. Этика. 3.Эстетика 4. Адамгершілік. 5.Отаншылдық. 6. Дене тәрбиесі. 7.Бауырмашылық. 8.Ұлтжандылық. 9.Білім беру. 10.Экологиялық.
11. Кәсіби бағдар. 12. Шыншылдық. т.б.
Тәрбие барысында бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, оның өміріне өзіндік таным, тәлім, өмір тәжірибесімен ұстазы енеді. Деңгейі биік, бар жағынан, мұғалім балаларды дөңгелете жөнелер, бар айтқанын істетер, санасына ақыл – парасат, мақсаткерлік үйретеді. Әрбір саналы мұғалім балаға талап қоймас бұрын оның ата – анасы, тұрмыс жағдайы туралы толық біліп, баланың мүмкіншілігін ескеруі керек. Жақсы мұғалім қандай болмақ?! Бірнеше кеңестерге тоқталсақ: Ақылмен басқару; (табандылық, жай сөйлеу, оңаша тілдесу, тапқырлық, қол жұмсамау т.б). Шығармашылықпен еңбектену; (тың шешім, шығармашылыққа баулу, сурет салу, өлең, ән айту). Педагогиканы жақсы білу; (ұлттық педагогиканы санаға сіңіру). Өз пәнін жақсы білу;(шеберлікке қол жеткізу, түрлі әдістерді игеру). Ұжымшыл болу; (оқшауланып қалмау, баланы бөлмеу, жалғызсыратпау). Саяси сауаттылық; (бала жан – жақтылықты сезінуі керек). Мақсат қоя білу;(баланы шыңдау, батылдылық, арманға жету жолындағы жүректілік). т.б.
Ата – ана мен мұғалімнің нәтижелі еңбегі бала өміріне үлкен өзгрістер енгізіп, оны жақсы жақтарға жетелері анық. «Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік» демей ме ұлы кемеңгеріміз. Сондықтан да қазіргі таңда болашақ жасөспірімдердің алғыр да, зерек болып өсуі үшін – « Жаман бала болмайды, оның жақсы қасиетін тани білейік» дегім келеді.
2 «А» сыныбында отбасы тәрбиесі бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді. «Отбасы бақыт мекені», «Менің отбасымның мейірімді істері», «Мен өз отбасымды мақтан етемін», «Отбасы дәстүрі» туралы сынап сағаттары мен сурет көрмелері арқылы жұмыстар жүргізілді.
Ал ата –аналармен «Адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуде отбасының рөлі», «Отбасының тәрбиесі», «Үйде бақытты адам, бақытты» туралы және баланың тәртібі, оқуы туралы жеке әңгімелер өткізілді.
Әр тоқсан сайын ата-аналар жиналыстары өткізіледі. «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық», «Баланы қалай мадақтау және жазалау?» «Жақсы бала, ата-ана қуанышы» деген баяндамалар оқылып ата-аналармен сұрақ жауап арқылы жұмыстар жүргізілді.
Негізгі қорытынды: Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді жолы мен жақсы нәтижесі мектеп пен отбасының өзара бірлесіп жұмыс жасауы Сондықтан, екі жақ бір – бірімен түсіністік, ұйымшылдық қатынаста боласа, бала тәрбиелеуде айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз анық........